jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ресми: "Барыс" хоккей клубына бас бапкер болып Михаил Кравец келді

    Михаил Кравец
    Михаил Кравец. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы ресейлік маман Михаил Кравецтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Маманмен келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалды. Тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

    Михаил Кравец жаттықтырушылық қызметін 2001 жылы бастаған. Құрлықтық хоккей лигасында әр жылдары "Витязь", "Амур", "Авангард", "Куньлунь" клубтарын жаттықтырды.

    Алдыңғы бас бапкер Ғалым Мамбеталиевпен арадағы келісімшарт ҚХЛ-дың өткен маусымындағы спорттық көрсеткіштерге байланысты бұзылған.

    "Барыс" клубының 2025–2026 маусымындағы жаттықтырушылар құрамы келесідей:

    Бас бапкер – Михаил Кравец.

    Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов.

    Шабуылшылар жаттықтырушысы – Александр Савченков.

    Қорғаушылар жаттықтырушысы – Евгений Королев.

    Дене дайындығы жаттықтырушысы – Денис Малинин.

    Бейнежаттықтырушы – Сергей Тамбулов.

    Ресми: "Барыс" хоккей клубына бас бапкер болып Михаил Кравец келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.