17 жастағы қазақстандық хоккейші канадалық клубпен келісімшартқа отырды
Жарияланған күні:
Қазақстандық жас хоккейші Бексұлтан Мақыш Канаданың OHL клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды 1bol.kz.
17 жастағы қазақстандық шабуылшы Бексұлтан Мақыш Канаданың Онтарио хоккей лигасында (OHL) өнер көрсететін "Уинсор Спитфайрз" клубымен ресми түрде келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мақыш жуырда Солтүстік Американың үш жетекші юниорлық лигасы – WHL, OHL және QMJHL қамтылатын CHL драфтында таңдалған болатын.
Өткен маусымда Бексұлтан АҚШ-тағы Бостон академиясының сапында ойнап, өз шеберлігімен көзге түсті. Енді ол кәсіби деңгейдегі жаңа кезеңін Канаданың беделді клубында бастайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2293572-17-zhastagy-qazaqstandyq-hokkeishi-kanadalyq-klubpen-kelisimshartqa-otyrdy/