jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры сайланды

    Азамат Айтхожин
    Азамат Айтхожин. Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

    Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры сайланды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан хоккей федерациясының кезектен тыс Республикалық конференциясының шешімімен Азамат Серікұлы Айтхожин бас директор қызметіне сайланған.

    "Азамат Серікұлының спорт саласындағы көпжылдық тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігі Қазақстандағы шайбалы хоккейдің одан әрі дамуына және танымал болуына ықпал етпек", - делінген хабарламада.

    Астана қаласы мәслихатының ресми сайтында жариланған мәліметке сүйенсек, Азамат Айтхожин 1975 жылы 15 мамырда Целиноград қаласында дүниеге келген.

    1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмәмдаған.

    Еңбек жолын 1996 жылы Ақмола қаласы бойынша МТКБ-да бастаған.

    1997 жылы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінің бас маманы.

    2001 жылы – Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы.

    2002 жылы – "Ел-Азаматы" ЖШС директоры.

    2005 жылы – "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысы, "Қажымұқан" стадионы" МКҚК директоры.

    2012 жылы – "Астана" футбол клубының президенті, "Қазақстан Футбол Федерациясы" Қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры, бас хатшысы, вице-президенті, "Қазақстанның кәсіби футбол лигасы" Қауымдастығы" ЗТБ президенті.

    2018 жылдың маусым айынан "Қазақстан Футбол Федерациясы" Қауымдастығы" ЗТБ бас хатшысы қызметтерін атқарған.

    2023 жылдың қаңтар айынан – Amanat партиясы Астана қалалық филиалының "Алматы" аудандық филиалының төрағасы.

    2025 жылдан – Astana Tourism ЖШС төрағасының кеңесшісі.

    2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты, 2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланған.

    Сондай-ақ ол Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

    Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.