jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Барыс" Астанада Ресейдің "Сибирь" клубын шаң қаптырды

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Астананың "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында өз айдынында Ресейдің "Сибирь" (Новосібір) клубын қабылдап, тартысты матчта 6:4 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Кездесу қонақтардың қарқынды шабуылынан басталды. Алғашқы бес минутта-ақ ресейлік клубтың ойыншылары Роман Калиниченко мен Скотт Уилсон екі шайба соғып, есепті 0:2-ге жеткізді. Алайда "Барыс" намысты қолдан бермей, Семён Симонов (8-минут) пен Дмитрий Бреус (22-минут) жауапты шайбаларымен таразы басын теңестірді.

    Көп ұзамай "Сибирь" сапынан Никита Сошников (23-минут) пен Владислав Кара (27-минут) мергендік танытып, есепті 2:4 қылды. Бірақ алаң иелері берілмеді: Джейк Масси (30-минут) мен дубль жасаған Семён Симонов (37-минут) есепті қайта теңестірді – 4:4.

    Шешуші кезеңде астаналықтар жеңісті жұлып алды. Алдымен Иэн Маккошен (48-минут), соңынан Мэйсон Морелли (58-минут) қарсылас қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті 6:4 қылды.

    Бұл жеңістен кейін "Барыс" 9 ұпай жинап, 13-орынға көтерілді. Ал "Сибирь" 8 ұпаймен 17-сатыда қалды.

    "Барыс" Астанада Ресейдің "Сибирь" клубын шаң қаптырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.