jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Канадада жеңіске жеткен қазақстандық жас хоккейшілерді құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.

    Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

    Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Astana Team командасы Канадада жыл сайын өтетін жасөспірімдер арасындағы беделді Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінің финалында жеңіске жетті.

    Хоккей федерациясының хабарлауынша, финалда отандық жас хоккейшілер жергілікті "Нуар э Ор де Мортань" командасын негізгі уақытта 3:3 есебінен кейін буллиттер сериясында ұтып, тарихи табысқа қол жеткізді.

    Тоқаев Канадада жеңіске жеткен қазақстандық жас хоккейшілерді құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.