jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Канададағы турнирде чемпион атанған қазақстандық жас хоккейшілер елге оралды (видео)

    жас хоккейшілер
    Қазақстандық хоккейшілер. Фото: instagram.com/hockeydreams.kz

    Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық балалар турнирінде тарихи жеңіске жеткен Astana Team командасы елге оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ команданың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

    Канаданың Квебек қаласында 1960 жылдан бері жыл сайын өтетін жасөспірімдер арасындағы беделді Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінің финалында жеңіске жеткен қазақстандықтар елге оралды.

    Жас хоккейшілер 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні Алматы әуежайына келіп қонды.

    Оларды жанкүйері әуежайда сән-салтанатпен қарсы алды.

    Еске сала кетейік, финалда отандық жас хоккейшілер жергілікті "Нуар э Ор де Мортань" командасын негізгі уақытта 3:3 есебінен кейін буллиттер сериясында ұтып, тарихи табысқа қол жеткізді.

    Канададағы турнирде чемпион атанған қазақстандық жас хоккейшілер елге оралды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.