jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жарияға жар салмай: Хабиб Қарағандыдағы балалар үйіне келді (фото)

    : Facebook

    Хабиб Нурмагомедов ешкімге жарияламастан, құпия түрде Қарағандыдағы балалар үйіне келіп кетті. Аралас жекпе-жек жұлдызы өзінің келетінін ешбір ақпарат құралдарына хабарламаған деп жазады NUR.KZ.

    Хабиб Нурмагомедов. Фото NUR.KZ
    Хабиб Нурмагомедов. Фото NUR.KZ: Original

    Чемпион бүлдіршіндерді зиянды заттардан аулақ болып, спортпен шұғылдану арқылы тек қана алға ұмтылуға шақырды.

    "Спортпен айналысыңдар. Салауатты өмір салтын ұстаныңдар" , - деді Хабиб.

    Оған қоса, Нурмагомедов өзін балалар үйіне арнайы шақырған қарағандылық Александр Корогодовтың анасының дүкеніне де соғып кетті.

    Ол жерден спортшы шоколад сатып алған.

    Хабиб Нурмагомедов. Фото NUR.KZ
    Хабиб Нурмагомедов. Фото NUR.KZ: Original
    "Хабиб өзінің балалар үйіне келгенін ауқымды шараға айналдырғысы келген жоқ" , - деді Александр.

    Ол Хабиб Нурмагомедовты жетімдермен кездесуге шақыру туралы шешімді жақында ғана қабылдаған. Спортшы қазақстандық азаматтың бұл өтініш орындауға бірден келісімін беріпті.

    Хабиб Нурмагомедов. Фото NUR.KZ
    Хабиб Нурмагомедов. Фото NUR.KZ: Original
    "Мен үнемі отандық эстрада жұлдыздарына әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілеріне құттықтау видеосын жазып беруді сұраймын. Көбісі тілегімді орындайды.
    Ата-анасы жоқ балақайлардың өздерін танымал тұлға құттықтап жатқанда қалай қуанатынын білсеңіздер ғой" , - деді азамат.

    Александр негізінен қарағандылық мекемелердің бірінде логистик болып қызмет атқарады. Оның әріптестері жас жігіттің жарты жалақысын балалар үйіне беріп, барынша уақытын жетімдермен сөйлесуге жұмсайтынын жақсы біледі.

    "Бөтен балалар болмайды. Олардың барлығы біздікі. Мен оларға өз іні-қарындасым сияқты қараймын. Сол себепті, олардың өмірін жақсартқым келеді" , - деді Саша.

    Азаматтың ата-анасы ұлын мақтан тұтады. Анасы сатушы болып жұмыс істесе, әкесі шағын дүкеннің иесі.

    Жарияға жар салмай: Хабиб Қарағандыдағы балалар үйіне келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.