Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитовтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Марат Қалдыбаев

Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Спортшы сот отырысына қатысқан жоқ. Адвокаттың айтуынша, Хамитов техникалық ақауға байланысты онлайн форматта өткен сот отырысына қатыса алмаған. Сол себепті ол кейінге қалдыруды сұрады.

Іс бойынша прокурор да қылмыстық істі Хамитовсыз өткізу мүмкін емес екенін айтты.

Отырыс нақты қай күні өтетіні әлі белгісіз.

Қорғаушы Қуат Хамитовтың нақты қай жерде екенін айтпады. Алайда бұған дейін БАҚ-та спортшының 20 қаңтарда Магнитогорск қаласына (Қостанайдан 434 шақырым) бара жатқаны туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ Хамитов болып жатқан жағдайдың бәрі жекпе-жек алдында психологиялық, моральдық тұрғыдан әсер етпегенін жеткізген.

Еске сала кетсек, 18 қаңтарда Алматының Алмалы аудандық сотында қазақстандық файтер Қуат Хамитовке қатысты сот отырысы өтіп жатқанын хабарлаған едік.

Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын.

Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.

Кейінірек ішкі істер министрлігі аралас жекпе-жек шеберінің ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1894683-kuat-hamitovty-isi-bojynsa-sot-otyrysy-kejinge-kaldyryldy/