Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас бостандығы шектелген Қуат Хамитов рингке қайта оралуы мүмкін

Жарияланған күні:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

"Найман" лақап атымен танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов рингке қайта оралуы мүмкін деп хабарлайды Sports.kz.

Спортшы Instagram парақшасындағы Stories-те Naiza Fighter Championship промоушенінің президенті Нұрбек Қарабаламен түскен суретін жариялаған.

"Бірнәрсе шешіліп жатқан сияқты", - деп жазды Қуат Хамитов.

Бұған дейін файтер NFC чемпионы Фаниль Рафиковтен шақырту алған еді. Рафиков мәлімдемесінде "Найманмен" октагонда кедесуге дайын екенін айтқан болатын.

Өз кезегінде Қуат Хамитов Рафиковпен рингте кездесуге ауызша келісім берген еді.

"Ұйымдастырушыларға айтарым, бұл менің мансабымдағы аса бір қиындық тудырмайтын жекпе-жек болмақ. Жеңілдік жасаймын. Мен онымен алыспаймын және оң қолыммен ұрмаймын. Бұл жекпе-жек мен үшін аса бір қызықты емес. Бірақ олар мені қызықтыруға дайын болса, неге көрмеске?", - дейді аралас жекпе-жек шебері.

Қуат Хамитов пен Нұрбек Қарабала
Қуат Хамитов пен Нұрбек Қарабала. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Еске сала кетсек, жақында Қуат Хамитов алты айға бас бостандығынан шектелді.

Спортшы Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігі бойынша айыпталған.

Аталған бапта "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген.

Сот үкімінен кейін Хамитов өз партиясын құратынын ресми түрде жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1897247-bas-bostandygy-sektelgen-quat-xamitov-ringke-qaita-oraluy-mumkin/