Хабиб Нурмагомедов ресми түрде мансабын аяқтады
Опубликовано:
Әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың мансабын ресми түрде аяқтағаны белгілі болды. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"29-0. Ол карьерасын ресми түрде аяқтады, 100 пайыз. Сенің қалай жұмыс істегеніңді көру керемет болды, бәріне рақмет, одан әрі болатын жағдайлардан ләззат ал, досым", - деді Дана Уайт.
Еске сала кетейік, өткен жылы 25 қазанда Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжи екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC-тегі 29-жеңісіне қол жеткізген болатын.
Бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің өмірден өткенінен кейінгі бірінші кездесуі болатын. Гэтжи болса карьерасында үшінші рет жеңілді.
Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
"Бүгін мен соңғы жекпе-жегімді өткізгенім туралы хабарлағым келеді. Менің бар қалайтыным – салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингтің бірінші орнына шығу. Мен бұған лайықтымын деп ойлаймын. 29-0. Бір рет жеңілген жоқпын. Ұйымның басшылары рақмет айтқым келеді. Барлықтарыңызға рақмет. Анама енді төбелеспеймін деп уәде бердім", – деді Хабиб жекпе-жектен кейін.
Спортшы алдағы уақытта анасының жанында болуға ниетті екенін жеткізген.
Кейін UFC басшысы Дана Уайт Хабиб Нурмагомедов мансабын қайта бастаса, кіммен кездесуі мүмкін екенін айтқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1904125-xabib-nurmagomedov-resmi-turde-mansabyn-ayaqtady/