
UFC лигасының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор мәлімдеме жасап, октагонға қайта оралатынын жеткізді, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі
"Мен Ұлы Стив Томпсонмен жаттығып жатырмын. Ойынға оралам!"- деді ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Бұны көрген желі оқырмандар Конор Макгрегорға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін аямады.
"Асыға күтеміз", "Өте керемет жаңалық", "Пашта оралды", "Бабында сияқты", "Тамаша", "Сәттілік тілеймін", "UFC-ге сән беретін спортшысың", "Қуаныштымын", - деді олар.
Еске сала кетейік, Конор МакГрегор екі салмақта бұрынғы UFC чемпионы саналады.
Ол ережесіз жекпе-жекте 22 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. Оның ішінде, әйгілі дағыстандық балуан Хабиб Нурмогамедовтен де ұтылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2011548-konor-makgregor-manyzdy-malimdeme-zasady-video/