jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ол жақсы сөйлейді": UFC журналисі Лора Санко Шавкат Рахмонов үшін қазақ тілін үйреніп жатыр

    Лора Санко
    Лора Санко. Фото: instagram/laura_sanko

    5 наурыз күні UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізген Шавкат Рахмонов үшін журналист Лора Санко қазақ тілін үйренуде. Бұл туралы "Спорт Шредингера" жобасына сұхбат берген спортшының менеджері мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, UFC журналисі Лора Санко отандық спортшы үшін аздап қазақша үйренуде.

    "Бұл шын мәнінде керемет. Онымен бұл тақырыпқа сөйлестім. Ол Шавкаттың АҚШ-тағы маркетингіне көмектесуде. Ол шынымен де Шавкаттың жанкүйері. Қазір Шавкаттың мұндағы қолдаушылары көбеюде. Оның жауынгерлік әдістері мен харизмасы көпшілікті тартады. Ал Шавкаттың салмақты қалпын америкалықтар жақсы қабылдады. Лорамен қызық жағдай болды. Ол қазақша оқып жатыр. Менде оның аудиохабарламасы бар. Өзінің қаншалықты дұрыс сөйлеп жатқанын сұрады. Ол өте жақсы сөйлейді. Жалпы алғанда, бұл оқиға қарқын алуда. Тіпті, оны да жанкүйерлер бақылап отыр", - деді Әбдірахманов.

    Айта кетелік, Шавкат Рахмонов 5 наурыз күні америкалық Джефф Нилді мерзімінен бұрын жеңіп, UFC-де жеңіліссіз келе жатыр.

    "Ол жақсы сөйлейді": UFC журналисі Лора Санко Шавкат Рахмонов үшін қазақ тілін үйреніп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.