Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"91 миллион теңгеден асады": Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегінен қанша табыс тапқанын айтты (видео)

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов победил
Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images/ Josh Hedges / Contributor

Отандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегінде қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы спортшы "Жаңа түнгі студия" бағдарламасында айтты.

Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев Шавкат Рахмоновтан соңғы жекпе-жектен қанша ақша түскенін сұрады.

Осы орайда аралас жекпе-жек шебері қаражатты әлі санамағанын, жобамен 200 мың доллардан (91 миллион теңгеден астам) астам табыс тапқанын жеткізді.

Сонымен қатар Шавкат Рахмонов жас спортшыларға ақыл айтуды ұмытпады.

"Жастарға дайындық кезінде режим сақтаңыздар және асықпаңыздар деп айтқым келеді. Асықсаңыздар қателікке бой алдыруларыңыз мүмкін. Күтуді біліңіздер. Шыдам міндетті түрде болу керек. Жекпе-жектегі кез келген әдіс жай келе салмайды, сабырмен келеді. Асықпау керек", - деді спортшы.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдағанын жазған едік.

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. 

Жарыста отандық спортшы америкалық Джефф Нилді қылқындыру әдісімен ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2014192-91-million-tengeden-asady-savkat-raxmonov-songy-zekpe-zeginen-qansa-tabys-tapqanyn-aitty-video/