jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Абылай хан мен Қабанбай батыр секілді": Желіде Тоқаев пен Шавкаттың кездескен сәтінің видеосы тарады

    Мемлекет басшысы мен Шавкат
    Мемлекет басшысы мен Шавкат. Видеодан кадр: Instagram/askhat_oralov

    Желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың Ақордада қабылдаған сәтінің видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Видеоны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмоновты қабылдады", - делінген видеоның мәтінінде.

    Кадрдан президенттің қабылдауында Шавкат Рахмоновпен бірге Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың болғанын аңғару қиын емес.

    Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазды.

    "Жеңіс құтты болсын, Шавкат үшін мақтанамыз", "Шавкат жарайсың", "Абылай Хан мен Қабанбай Батыр секілді көрініс", "Қазақ батырлары көп болсын", "Тамаша сәт", - деді олар.

    Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдағанын жазған едік.

    Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. 

    Жарыста отандық спортшы америкалық Джефф Нилді қылқындыру әдісімен ұтты.

    "Абылай хан мен Қабанбай батыр секілді": Желіде Тоқаев пен Шавкаттың кездескен сәтінің видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.