jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Арман Әшімовтің UFC-де өнер көрсететіні рас па

    Спортшы
    Фото: Арман Әшімовтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

    UFC-дің ресми сайтында белгілі қазақстандық спортшы, аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтің профилі пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлемдегі беделді промоушн сайтында Арман Әшімовтің профилін ашып, оған "белсенді" мәртебесін берген.

    Бұған қатысты қазақстандық спортшы мен оның менеджері Саят Әбдірахманов әлі пікір білдірген жоқ.

    Осыған дейін Арман Әшімов UFC-де өнер көрсетеді деген ақпарат шыққан еді. Алайда 2020 жылы отандық спортшы пандемия салдарынан лигаға үміткерлердің шоуына қатыса алған жоқ.

    Сонымен қатар ол өткен жылы Сингапурдағы UFC 275 турнирінде жекпе-жекке шығуы керек болған. Бірақ Арман Әшімовтің қарсыласы кездесуден бас тартты.

    Айта кетейік, кеше, 5 сәуірде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды.

    Қазіргі уақытта әлемнің үздіік лигасында Асудан бөлек Жалғас Жұмағұлов, Шавкат Рахмонов, Сергей Морозов өнер көрсетеді.

    Арман Әшімовтің UFC-де өнер көрсететіні рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.