Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев октагонға кіреді: қазақстандық балуан UFC-мен келісімшартқа қол қойды және A’SU брендінің амбассадоры болды

Опубликовано:

Асу Алмабаев
Фото: A’SU

Жақында A’SU брендінің амбассадоры болған қазақстандық балуан Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт шеңберіндегі алғашқы жекпе-жек жазда өтеді. Қазіргі уақытта спортшы алдағы жекпе-жекке қарқынды дайындығын бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Асу Алмабаев Brave FC лигасында үш мәрте жеңіске жетті, оның есебінде лигада төрт жекпе-жек болды. 17 кәсіби жекпе-жектің ішінен Асу 16-да жеңіске жетті және тек біреуінде жеңілді.

"Менің өмірімде бірден бірнеше маңызды оқиғалар болды. UFC-мен келісімшартқа отыру - ұзақ уақыт бойы менің мақсатым болды, мен күн сайын жаттығып, жаттығуды күніне екі мәрте қайталап жасадым. Мен өзіме қажетті барлық қажетті қасиеттерді дамытып, өзімді ынталандырдым және сәттілікке сендім. Бүгін мен мақтанышпен айта аламын: келісімшартқа қол қойылды. Мен үшін екінші маңызды оқиға – A’SU суының бренд амбассадоры болуым, біздің тіпті аттарымыз да бірдей, бұл ұзақ және нәтижелі серіктестіктің жақсы, нышанды белгісі. Брендтің философиясы - адамдарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және мақсаттарына жетуге ынталандыру және қолдау көрету. Біздің есімдеріміз бен өмірлік құндылықтарымыз сәйкес келеді, сондықтан біздің алдымызда еліміздің игілігі мен дамуына бағытталған көптеген жаңа және қызықты жобалар бар", - дейдi Асу Алмабаев.

Асу Алмабаев
Фото: A’SU

"Мен бүкіл RG Brands командасының атынан Асу Алмабаевты өзінің мансап жолындағы маңызды келісімшартқа қол қойғанымен құттықтап, елімізге көптеген ұлы жеңістер әкелуін тілеймін. Біздің Асумен ынтымақтастығымыз дәл осындай мотивацияға бағытталатын болады, біз бірге спорт пен салауатты өмір салтының пайдасына көбірек назар аудара алатынымызға сенімдімін", - дейдi RG Brands АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, меценат және қоғам қайраткері Қайрат Мәжібаев.

A'SU бренді қазақстандық спортқа және қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетіп жүр.

*Материал A’SU брендінің қолдауымен дайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2015857-asu-almabaev-oktagonga-kiredi-qazaqstandyq-baluan-ufc-men-kelisimsartqa-qol-qoidy-zane-asu-brendinin-ambassadory-boldy/

pixel