Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы кім
Опубликовано:
Белгілі спортшы, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы отандық спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"6 мамырға дайындалып жатырмыз", - деді ол.
Sports.kz басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегі Америка Құрама штаттарының Ньюарк қаласында (Нью-Джерси штаты) өпек.
Оның қарсыласы - 26 жастағы бразилиялық Рафаэль Рамос Эстевам.
Бразилиялық спортшы ММА-дегі мансабын 2015 жылы бастаған, алайда соңғы жылдары жиі октагонға көтерілмеген.
Айта кетейік, Рафаэль Рамос Эстевам 11 айқаста қарсыласынан басым түскен және оның жетеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2016514-zalgas-zumagulovtyn-kelesi-qarsylasy-kim/