jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық спортшы UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды

    Жасұлан Әкімжан
    Жасұлан Әкімжан октагонда. Фото: instagram.com/akimzhanov_

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жасұлан Әкімжан UFC чемпионы Алекс Волкановскимен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы отандық спортшы Youtube желісіндегі "Спорт министрі" парақшасында айтты.

    Оның сөзінше, ММА-дегі кез-келген спортшыны жеңуге болады.

    "Бұл тікелей шақыру деуге келмейтін шығар. Алайда Волкановскимен жекпе-жекке шыққым келеді. Бұл спарринг немесе октагондағы айқас болса да, дайынмын. Онымен кездескім келеді. Кейбір адам "Қайда секіріп жатсың?" деп айтуы мүмкін. Бірақ Алекс біз секілді адам ғой. Кілтін тапсаң, кез-келген спортшыны жеңуге болады", - деді Жасұлан Әкімжан.

    Еске салайық, аустралиялық файтер Алекс Волкановски - жеңіл салмақта UFC чемпионы. Ал Жасұлан Әкімжан ММА-да тоғыз рет жеңіске жеткен және екі кездесуде қарсыласына есе жіберді.

    Қазақстандық спортшы UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.