Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Октагонда бәрі мүмкін": Фараби Давлетчин UFC 288-ге болжам жасады

Опубликовано:

Parimatch UFC
Фото: Parimatch

UFC-288 7 мамырға нағыз шоу дайындап жатыр. Алджамейн Стерлинг пен Генри Сехудо арасындағы шайқас басты назарда. Жеңіл салмақтағы чемпион атағы кімге беріледі? Тхаэквондодан әлем чемпионы және Parimatch-тың ресми серіктесі Фараби Давлетчиннің шайқасқа қатысты сараптамалық пікірін біліңіз.

Алджамейн Стерлинг (22-3-0)

Ямайкалық 33 жастағы спортшы Алджамейн Стерлингтің дене дайындығы қазіргі уақытта барынша жоғарғы деңгейде. UFC-де ол 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, бірақ оның мансабының басталуы "Фанк-шебер" сияқты біркелкі болған жоқ. Жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді Стерлинг 7 жылдан кейін, Петр Янның тыйым салынған тізе соққысы үшін шайқастан шеттетілгендіктен жеңіп алды. Көпшілік оны "қағаз" чемпионы деп атады. Бірақ 2022 жылы Алджамейн ресми матч-реваншта Янды жеңіп, барлық "хейтердің" аузына құм құйды.

Стерлингтің бразилиялық джиу-джитсудан қара түсті белбеуі бар, бұл оны алдағы шайқаста ерекше қауіпті етеді. Ол жиі тейкдаун жасауға әрекет жасап, агрессивті күрес жүргізеді және партерде шебер жұмыс істейді, ал тұрыстағы шайқаста дәл солай шеберлік көрсете алады деп айту қиынға соғады. Бірақ джеб қиындық туғызатындай жақсы қойылған. Ал атқарымды дайындығы әдеттегідей мықты — ол барлық 5 раундқа күшін шебер есептеп қолдана алады.

Генри Сехудо (16-2-0)

Генри Сехудоның UFC-дегі дебюті 2014 жылы Дастин Кимураға қарсы шайқаста өтті және кездесу оның сенімді жеңісімен аяқталған болатын. Содан бері "Фанк-мастер" екі түрлі салмақ дәрежесінде екі рет чемпион атанды. 2020 жылы Сехудо жеңіл салмақтағы белбеуді сәтті қорғап, мансабын аяқтағанын жариялады, содан кейін ол атағынан айырылған еді.

Генри октагонға үш жылға жуық үзілістен кейін оралады. Дегенмен, ол ақылды спортшы және әрқашан алға қойған жоспарын ұстанады, сондықтан оны тиісінше бағалау керек. Оның соққы жасау техникасы жақсы, ал партердегі жұмысы туралы айтпасақ та белгілі. Өйткені, ол - кәсіби еркін күрескер, тіпті 2008 жылы Олимпиада алтынын жеңіп алған болатын. Бір қызығы, Сехудо өзінің қалыптасқан еркін күрес әдісін қолдана отырып, бірде-бір рет жеңіске жетпеген екен.

Болжам

Менің ойымша, жекпе-жектің барлық раунды өтіп, төрешілердің шешімімен аяқталады. Мүмкін, нокаутпен де аяқталады – октагонда бәрі мүмкін. Алджамейн Стерлинг өзін жақсы дайындықта ұстауда және әр қарсыластың дайындық ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ қазіргі чемпионның дене бітімі жағынан артықшылығы бар. Алайда Сехудоның күрделі жекпе-жекте үлкен тәжірибесі бар. Ол мансабын жеңіліссіз аяқтаған болатын.

Бірақ Генри, ең алдымен, шайқас барысында төзімділікке ие деп айту қиынға соғады. Үш жылдық үзілістен кейін бірден 5 раундтық жекпе-жекке шығу оңай емес. Жекпе-жек неғұрлым ұзаққа созылса, Сехудоның жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым аз болады. Стерлинг бұл туралы біледі, сондықтан ол жекпе-жекті мүмкіндігінше созуға тырысады. Мен атақ сәтті қорғалып шығады деп болжам жасауға тәуекел етемін.

Parimatch-тың Стерлинг-Сехудо жекпе-жегіне ұсынылған коэффициенттері:

Стерлингтің жеңісі - 2.00, Сехудоның жеңісі - 1.86

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті"РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2019408-oktagonda-bari-mumkin-farabi-davletcin-ufc-288-ge-bolzam-zasady/