Оливейра Махачевтен жеңілгеннен кейін октагонға оралып, жеңіске жету үшін күш-жігерін аямайтыны анық. Осы жексенбіде Бенейл Дариушпен басты жекпе-жекте бұрынғы чемпион титулына лайық екенін дәледейтін болады. Шайқасқа қатысты Фараби Давлетчиннің болжамын оқып, UFC 289-дың эпикалық кешіне дайындалыңыз.
Чарльз Оливейра (33-9-0)
Оливейраның UFC промоушнындағы алғашқы жекпе-жегі америкалық Даррен Элкинспен болды. Қазірдің өзінде 1-раундта кештің ең мықты әдісі "қарсыластың қолын тартуын" пайдаланды. Бір ай өткен соң Оливейра Эфрейн Эскудероны 3-ші раундта артқы жағынан тұншықтыру әдісімен жеңді. Бір қарағанда, барлық жағдай чемпиондық атағына келе жатқан сияқты болып көрінеді. Бірақ содан кейін ол 2 жеңіліске ұшырап, сарапшылардың артқан үміті бәсеңдей бастайды.
Чарльз еңсесін түсірмей, көп ұзамай ең мықты жауынгерлердің бірі ретінде беделге ие болады. 2018 жылы оның мансабы қатарынан 8 жеңістен кейін күрт көтеріледі, олардың 6-сы кештің басты жекпе-жегі деп жарияланады! Оның жұлдызды сағаты Майкл Чандлермен шайқаста жанды, онда Оливейра жеңіл салмақтағы белбеуді жеңіп алған.
Дастин Порьеге қарсы алғашқы шайқас, Джастин Гейджимен жекпе-жек сияқты сәтті өтті. Бірақ жекпе-жектен кейін Оливейра салмағының сәйкес келмеуіне байланысты атағынан айырылды. Әрі қарай бразилиялық жауынгер шайқасты Ислам Махачевпен өткізіп, екінші раундта жеңіліс тапты, енді онымен Дариушты жеңген жағдайда қайтадан кездесетін болады.
Бенеил Дариуш (22-4-1)
Ирандық Бенеил Дариуш 2007 жылы джиу-джитсумен айналысты және жарыстарда, соның ішінде көк белбеу бойынша әлем чемпионатында белсенді өнер көрсете бастады, онда ол бірінші орынды иеленген болатын. 2008 жылдан бастап ол ММА-да кәсіби түрде өнер көрсете бастады, танымалдығы аз промоушндарда 6 сәтті жекпе-жек көрсетті. Ал 2014 жылы UFC-дің ресми келісімшартын алды.
Чарли Бреннеманмен дебюттік қақтығыста Дариуш қарсыласынан басым болып шықты. Бірақ келесі жекпе-жек Рамзи Ниджемнің жеңілісімен аяқталды. Кейін Бенеилдің мансабы қайтадан өрге басып, қатарынан 5 жеңісті қанжығасына байлады, олардың арасында сол кездегі ең үздік жауынгерлер – Джим Миллер мен Майкл Джонсонмен өткен шайқастарды атап өтуге болады. Содан кейін тағы бір сәтсіз өткізілген жыл - 2 жеңіліс және бір тең шайқас.
Оның мансабы биік шыңдар мен құлдыраулардан болды. Жауынгерлік мансап сатылары бойынша қайта көтерілуге тура келді. Нәтижесінде келесі 8 жеңіс кештің үздік оқиғасы деп танылды. UFC 262-де төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен ирандық Тони Фергюссонды, содан кейін Матейш Гамротонды жеңді. Енді оған чемпиондық атаққа жету үшін тағы бір жекпе-жекте жеңіске жету қалды.
Болжам
Жекпе-жек екі үздік джитсердердің арасында болады. Екеуінде де қара белбеу бар, екеуі де БЖЖ бойынша әлем чемпионы болды. Оливейраның қолының ұзындығы бойынша 5 см артықшылығы бар және шайқас басталған сәттен үздік қысымға ие. Ол бар батылдығымен алға ұмтылады, екілерді, тізені, шынтақты лақтырады - бұрынғы чемпионның муайтайы жақсы.
Дариуш өте төзімді шабуылшы және тейкдаундардан жақсы қорғана алады. Оның жақсы орнатылған джебтері, оверхендтеры және апперкоттары бар. Сондықтан жекпе-жек азды-көпті тең күшпен және созылмалы болады. Менің ойымша, бұрынғы чемпионның жеңіске жету мүмкіндігі сәл жоғарырақ. Оны Гейджи, Порье және Чендлермен бұрынғы жекпе-жектерінен байқауға болады.
Менің Parimatch-тағы достарым Оливейра - Дариуш жекпе - жегіне керемет коэффициенттерін ұсынады: Ж1 - 2.15, Ж2 - 1.75. Сондай-ақ, шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін 100% бонус алып, шайқасты тамашалаудан ләззат алыңыз!
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2023958-uzdik-dziu-dzitserlerdin-zekpe-zegi-farabi-davletcinnin-ufc-289-ga-bolzamy/