jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    UFC-мен келісімшарты аяқталған Жалғас Жұмағұлов спорттық мансабын аяқтай ма

    Жалғас Жұмағұлов октагоннан шығып барады
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: Louis Grasse/PxImages/Icon Sportswire via Getty Images

    Ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі дәурені аяқталды. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    24 маусымда Жұмағұлов Джошуа Ваннан ұтылған еді.

    "Бұл келісімшарт бойынша UFC-дегі соңғы жекпе-жегім болды. Барлық міндетімді атқардым. келісімшартты созбайды.

    Енді демалып, қалпыма келуге тырысамын. Спорттық мансабымды аяқтайтын ойым жоқ. Бабыма келген соң, қайтадан еңбектенеміз. Жақсы ұсыныстар күтемін.

    Алдағы уақытта Naiza-да бір жекпе-жек өткізетін шығармын. Bellator лигасында 57 келіге дейінгі салмақта қосты. Көреміз. Менеджеріммен бірге жақсы ұсыныстар іздеп жатырмыз", - деді Жұмағұлов.

    Айта кетелік, Жалғас Жұмағұлов UFC-де алты жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіліс тапты.

    UFC-мен келісімшарты аяқталған Жалғас Жұмағұлов спорттық мансабын аяқтай ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.