jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Отандық спортшы MMA-дегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді

    Олжас Ерланов
    Олжас Ерлановтың жеңіске жеткен сәті. Видеодан кадр: Youtube//CONTEST EVENTS

    22 жастағы қазақстандық спортшы Олжас Ерланов Қырғызстанның Кара-Балта қаласында өткен EFC Global 33 турнирінде өнер көрсетті.

    Sports.kz мәліметінше, қазақстандық файтердің қарсыласы 18 жастағы қырғызстандық спортшы Дастан Каныбек уулу болған.

    57 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді. Алайда екінші раундта Олжас Ерланов қарсыласын нокаутқа жіберіп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады.

    Осылайша, қазақстандық файтердің MMA-дегі дебюті жеңіспен басталды. Сонымен қатар Дастан Каныбек уулуның да бұл кәсіпқой мансабындағы алғашқы кездесуі ретінде тіркеліп отыр.

    Отандық спортшы MMA-дегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.