jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаев UFC-дегі сәтті дебютінен кейін Қазақстанға оралды (видео)

    Асу Алмабаевты қарсы алу сәті
    Асу Алмабаевты қарсы алу сәті. Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan

    Қазақстандық ММА файтері Асу Алмабаев UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіп, Қазақстанға оралды. Отандастар оны Алматы әуежайында құшақ жая қарсы алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұшақ Алматыға АҚШ-тан түнгі рейспен келген. Күту залында оны жанкүйерлері, әріптестері, достары мен жақындары ерекше дайындықпен қарсы алды.

    Еске сала кетейік, Алмабаевтың әлемдік промоушендегі дебюті Нэшвиллдегі (АҚШ) UFC on ESPN 50 турнирінде өткен болатын.

    Қазақстандық файтер америкалық Оде Осборнды толық жеңді. Екінші раундта Алмабаев тұншықтыру әдісін қолданған кезде қарсыласы берілген еді. UFC-дегі дебюті үшін Асу Алмабаев 78 мың доллар табыс тапты, оның ішінде "Кештің үздік өнері" үшін берілген бонусы да бар.

    Асу Алмабаев UFC-дегі сәтті дебютінен кейін Қазақстанға оралды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.