Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев UFC бонусын қайда жұмсайтынын айтты

Опубликовано:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Instagram / asu_zulfikar57

Қазақстандық UFC балуаны Асу Алмабаев жақында жеңімпаз атанғаны үшін берілетін жүлдені қайда жұмсайтынын айтып берді. Ол "Вестник MMA" YouTube арнасына сұхбатында жүлдеге қатысты жоспарларынан бөлек, қол жарақаты мен жаңа жекпе-жегі туралы ағынан жарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

— Бонусқа оралайық, 50 000 долларды қайда жұмсамақсыз?

— Ақыры көлік алатын шығармыз (күлді). Көліксіз жүргенімен бір-екі жыл болды.

— Қандайын алғың келетінін ойластырдың ба?

— Әлі қарастырған емеспін. Алдымен алайық, сосын көре жатармыз. UFC келісімшартында 10 жұмыс күні ішінде беретіндері айтылған.

Сондай-ақ балуан жекпе-жек алдында сол қолын жарақаттағанын, бұл жекпе-жектің өтпей қалу қаупін тудырғанын айтып берді.

"Қатты қорқыныш болды – дебют, бұған барымды салдым, кенеттен жарақат алып қалдым... Бас тартқым келді, шынымды айтсам, әр түрлі ойлар болды. Бір қолмен жеңу мүмкін емес қой. Салмақ қуалап жүруп, қолымды одан да бетер ауыртуым мүмкін еді. Бір қолмен қалай күресесің", - дейді Алмабаев.

Қазақстандық файтер келесі жекпе-жегін қазірден жоспарлап жатыр. Асудың айтуынша, ол бірден 26 тамызда Сингапурде өтетін турнирге қатысқысы келген, бірақ жарақаты сегізбұрышқа оралуға мүмкіндік бермеген.

Ол енді үш айдан кейін қайтып оралып, 12 қарашада Нью-Йоркте өтетін ивентке қатысуды жоспарлап отырғанын алға тартты. Бұл турнирдің негізгі кездесуінде ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонс өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2031882-asu-almabaev-ufc-bonusyn-qaida-zumsaitynyn-aitty/

pixel