jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Түйе де бар, ат та бар: UFC-ден жеңіспен оралған Асу Алмабаевты ауылдастары қалай қарсы алды (видео)

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Асу Алмабаев UFC лигасындағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтап, елге оралды. Спортшыны өзінің туған ауылы ерекше құрметпен қарсы алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Асу Алмабаев Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас ауылында туған. Мұхит асып, әлемдегі ең мықты лиганы жеңіспен бастаған спортшыны ауылдастары көкке көтерді.

    Аудан жұртшылығы Асуды Жаңатас қаласының кіре берісінен бастап қарсы алып, құрмет көрсеткен.

    Орталық алаңда өткен шарада айтыскер ақындар балуанға өлең арнады.

    Сондай-ақ ауылдастары Асуға түйе мен жылқы мінгізіп, сый-сияпат тарту етті.

    Айта кетелік, Асу Алмабаев АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты.

    Асу жеңіл салмақ дәрежесінде UFC демеушілігімен өнер көрсететін жауынгер. М-1 жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион.

    Сондай-ақ ол Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global жауынгерлік ұйымдарының турнирлеріне қатысуы арқылы да танылды.

    Түйе де бар, ат та бар: UFC-ден жеңіспен оралған Асу Алмабаевты ауылдастары қалай қарсы алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.