jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда ережесіз жекпе-жектің трансляциясын шектеу жоспарлануда

    Аралас жекпе жек шеберлері
    Аралас жекпе жек шеберлері октагонда: pixabay.com

    Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Qazaqstan TV телеарнасының Youtube арнасында шыққан сұхбатында елімізде ережесіз жекпе-жектің трансляциясын шектеу жоспарланып жатқанын айтты.

    Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сөзінше, бұл балалар арасындағы қатыгездікпен жұмыс істеу үшін қабылданған шара.

    "Телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз, себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе мектеп балалары сол әдіс-тәсілді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады.

    Біз оны кейде байқамай WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Мысалы, қыздардың немесе ер балалардың бір-бірімен аяусыз төбелесіп жатқан сәтінен видеолар кейде (әлеуметтік желіде - ред.) шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездіктен қатыгездік туындайтыны белгілі", - деді Қыдырәлі.

    Дархан Қыдырәлі осыған байланысты БҰҰ конвенциясына сәйкес арнайы нұсқаулық әзірленіп жатқанын атап өтті.

    "Мысалы, кейде баланың суретін жариялап жатады немесе оның аты-жөнін немесе тексерілмеген ақпаратты беріп жатады, оның баланың психологиясына қалай әсер ететінін біз кейде ескермей жатамыз. Соған байланысты жалпы БАҚ-тағы әріптестеріміздің де балалар зорлық-зомбылығы тақырыбына арнайы дайындықпен келгені абзал", - деп түйіндеді ол берген сұхбатында.

    Қазақстанда ережесіз жекпе-жектің трансляциясын шектеу жоспарлануда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.