Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC 294: Хамзат Чимаев UFC-дің бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады

Опубликовано:

Хамзат Чимаев
Хамзат Чимаев. Фото: Getty Images/Jeff Bottari

Швециялық файтер Хамзат Чимаев Әбу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде жартылай орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион америкалық Камару Усманмен кездеседі. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ промоушеннің ресми сайтына сілтеме жасап.

Чимаев аталған турнирде Пауло Костамен жұдырықтасу керек болған. Бірақ бразилиялық файтер жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Камару Усман мен Хамзат Чимаев арасындағы жекпе-жек UFC 294 турнирінің екінші негізгі кездесуі болады. Ал кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев пен Александр Волкановски чемпиондық белдікті сарапқа салады.

36 жастағы Камару Усман ММА спортында октагонға 23 рет шығып, 20 жеңіс пен 3 жеңіліс тапқан. Ал Чимаев 12 жекпе-жекте 12 рет жеңіске жетті.

UFC 294 турнирі 21 қазан күні Абу-Дабиде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2040678-ufc-294-xamzat-cimaev-ufc-din-buryngy-cempionymen-zudyryqtasady/

pixel