jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    UFC-294: Ислам Махачев бірінші раундта Волкановскиді нокаутқа түсірді

    Ислам Махачев
    Ислам Махачев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Әбу-Дабиде өткен UFC-294 турнирінің басты кездесуінде ресейлік Ислам Махачев (25-1) пен австралиялық Александр Волкановски (26-3) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бес раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Махачев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

    Жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпион Махачев пен жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Волкановскидің алғашқы жекпе-жегі осы жылдың ақпан айында орын алған еді. Кездесу төрешілердің шешімі бойынша Исламның жеңісімен аяқталды.

    31 жастағы Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін осымен екінші мәрте қорғап отыр.

    Айта кетерлігі, бастапқыда UFC-294 турнирының негізгі жекпе-жегінде Исламға бразилиялық Чарльз Оливейра қарсы шығу керек болған. Алайда, Оливейра жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

    UFC-294: Ислам Махачев бірінші раундта Волкановскиді нокаутқа түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.