jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық файтер алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық спортшыдан жеңілді

    Қазақстан файтер Әділжан Кенжебек
    Қазақстан файтер Әділжан Кенжебек. Видеодан кадр: youtube.com/octagon tv

    Еуразиялық жекпе-жек лигасы ұйымдастырған аралас жекпе-жектен OCTAGON SELECTION 31 турнирі өтті. Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық Әділжан Кенжебек өзбекстандық Лазиз Очиловпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесудің алғашқы секундтарынан-ақ екі файтер арасында қызу тартыс басталды. Жұдырықтасуды уақытынан бұрын аяқтауға тырысқан Очиловтың шабуылына 27 жастағы аралас жекпе-жек шебері Кенжебек қарсы тұрды.

    Алайда Очилов қарсыласының мойынынан қысып тұншықтыру әдісін жасады. Қазақстандық файтерге жерді ұрып, берілгенін мойындаудан басқа амал қалмады.

    Бұл Әділжан Кенжебектің ММA-дағы дебюті. Ал 24 жастағы өзбекстандық файтер Лазиз Очиловтың кәсіпқой ретіндегі алғашқы жеңісі (1-1).

    Қазақстандық файтер алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық спортшыдан жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.