jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Деметриус Джонсон MMA тарихындағы үздік файтерлерді атады

    Деметриус Джонсон
    Деметриус Джонсон. Видеодан кадр: YouTube/Mighty Gaming

    UFC-дің бұрынғы чемпионы Деметриус Джонсон (25-4-1) ММА тарихындағы ең мықты 4 файтердің есімін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Mighty Gaming YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазіргі уақытта One Championship турнирінде бақ сынап жатқан америкалық спортшы Деметриус Джонсон MMA тарихындағы ең мықты төрт файтердің кім екенін айтты. Ол өзін екінші орынға қойды.

    "Мен үшін Джон Джонс нөмірі бірінші файтер. Өзімнен жоғары қоюға лайық жалғыз адам деп есептеймін. Неге дейсіз бе? Өйткені ол әрдайым қарсыласын өзі қалаған стильді қолданып жеңе алады. Ал мен өзімді неге екінші орынғай қойдым? Себебі жеңіл салмақта да, басқа салмақ дәрежесінде де менің істегенімді ешкім қайталай алмайды. Атағымды қатарынан 11 рет қорғадым. Тіпті Джонс мұндай жетістікке жеткен жоқ", – деді Деметриус.

    Джонсон үшінші және төртінші орындарды канадалық Жорж Сент-Пьерге және бразилиялық Андерсон Сильваға берді.

    Айта кетейік, Деметриус жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы. Сонымен қатар 11 рет титулды қорғау жекпе-жегін өткізген. Қазір ONE Championship-те өнер көрсетеді.

    Деметриус Джонсон MMA тарихындағы үздік файтерлерді атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.