"2024 жылы UFC чемпионы боламын": Шавкат Рахмонов келер жылға басты жоспарын айтты
Опубликовано:
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов 2024 жылы UFC промоушенінің чемпиондық белбеуін жеңіп алғысы келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The MMA Hour Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) 2024 жылы UFC промоушенінің чемпиондық атағы үшін жұдырықтасқысы келетінін айтты.
"Мен келер жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп Қазақстанға қайту", - деді Шавкат Рахмонов.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 17 желтоқсан Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінде америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жұжырықтасады. Осыған дейін Шавкаттың қарсыласы Стивен алдағы жекпе-жек жайлы пікірін айтқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2050460-2024-zyly-ufc-cempiony-bolamyn-savkat-raxmonov-keler-zylga-basty-zosparyn-aitty/