jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Жеңіске жеткен Шавкат Рахмонов қазақстандықтарға үндеу жасады

    Казахстанский боец ММА Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық аралас стильдегі (ММА) боксшы Шавкат Рахмонов бүгін UFC 296 турнирінде жеңіске жетті. Спортшы отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін спортшы екінші раундта американдық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Осымен Рахмонов өз мансабындағы 18 жекпе-жектің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

    "Ассаламағалейкум, Қазақстан! Кеше өз Отанымда үлкен мереке - Тәуелсіздік күні болды. Сондықтан мен бүкіл елді құттықтағым келеді. Жекпе-жекке келетін болсақ, мен оны жеңгеніме қуаныштымын. Енді титул үшін күресуге лайықтымын деп ойлаймын. Менің келесі қарсыласым бүгінгі чемпиондық жекпе-жекте жеңіске жеткен қарсылас болуы керек", - деді Шавкат Рахмонов.

    Айта кетейік, бүгін Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

    Жеңіске жеткен Шавкат Рахмонов қазақстандықтарға үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.