jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Шавкат пен Леонның жұдырықтасуы өте тартысты болады": ресейлік файтер Рахмонов жайлы пікірін айтты

    Ринат Фахретдинов
    Ринат Фахретдинов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC промоушенінде өнер көрсететін ресейлік файтер Ринат Фахретдинов сұхбат кезінде Шавкат Рахмоновтың мүмкіндігін өте жоғары бағалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Fight.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ринат Фахретдинов – UFC промоушенінің жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде 15-орында тұрған жекпе-жек шебері. Ресейлік файтердің ММА спортындағы рекорды 21-1-1. Айта кетейік, Ринат пен Шавкаттың менеджері бір.

    "Шавкаттың титулдық кездесуіне аздаған қадам ғана қалды. Эдвардстың келесі қарсыласы Белал Мухаммад болуы мүмкін. Одан кейін Рахмоновпен жұдырықтасады. Оның Леонмен кездесуі өте тартысты болғалы тұр", – деді Ринат Фахретдинов.

    Еске салайық, Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі рекорды 18-0. 17 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Шавкат екінші раундта Стивен Томпсонды жеңді. Осыдан кейін қазақстандық UFC файтері жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орынға көтерілді.

    "Шавкат пен Леонның жұдырықтасуы өте тартысты болады": ресейлік файтер Рахмонов жайлы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.