jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Асу Алмабаевтың төртінші перзенті дүниеге келді

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Асу Алмабаев отбасындағы қуанышты жаңалықты көпке жария етті. UFC-де ел намысын қорғап жүрген спортшының төртінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Асу Алмабаев келіншегі төртінші перзентін дүниеге әкелгенін Instagram парақшасында хабарлады. Ол перзентханада сәбиімен түскен суретін жариялап, "Әлхамдулиллаһ. Төрт дүркін әке" деген жазба қалдырды.

    Асу Алмабаев баласымен
    Асу Алмабаев баласымен. Фото: Instagram/asu_zulfikar57

    Айта кетейік, 29 жастағы қазақстандық спортшы бүгінде UFC аясында бір жекпе-жек өткізді. Ол ямайкалық Оди Осборнға қарсы шығып, оны екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

    Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегін америкалық Си Джей Вергараға қарсы өткізеді. Олар келер жылы 9 наурызда Майамиде өтетін UFC 299 турнирінде күш сынасады.

    Асу Алмабаевтың төртінші перзенті дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.