jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов: Камару Усманмен жұдырықтасқым келеді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

    Бүгін, 25 желтоқсанда Алматы қаласында Шавкат Рахмоновтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Naiza.TV промоушенінің Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов UFC 296 турнирінде америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раудта мерзімінен бұрын жеңген еді. Сол жекпе-жектен кейін Қазақстанға оралған Шавкат 25 желтоқсан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатына қатысты. Аталмыш іс-шарада қазақстандық файтер болашақта Камару Усманмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

    "Камару Усманмен жұдырықтасу қызық болады. Белал Мұхаммед менімен шайқасқысы келмейтін сияқты. Усман да шыққысы келмейді, әрине. Ал негізі мен ешкімді таңдамаймын. Бастысы белбеуге жетсем болды. Уақыт көрсетеді. Әлі ешқандай жекпе-жек белгісіз", – деді Шавкат.

    Айта кетейік, Камару Усман UFC промоушенінің орта салмағында 1-орында тұрған файтер. Ал Шавкат соңғы жеңісінен кейін 3-орынға көтерілді. Қазақстандық файтер жұдырықтасатын салмақ дәрежесінің рейтингінде көш бастап тұрған чемпион – Леон Эдвардс.

    Шавкат Рахмонов: Камару Усманмен жұдырықтасқым келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.