jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Қуат Хамитов АСА турнирінде техникалық нокаутпен жеңілген Артём Резниковке қолдау білдірді

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: kuat__khamitov/instagram.com

    Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Қуат Хамитов АСА промоушенінің ширек финалында жеңіл салмақта өнер көрсетіп, техникалық нокаутпен жеңілген Артём Резниковтың жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қуат Хамитов Резниковтың Instagram-дағы жазбасына пікір қалдырды.

    "Жылдар өте келе барлығы қалпына келеді. Салмақ қуғаннан кейін бәрі қиындай түседі, сондықтан басқа салмақ дәрежесіне ауысып, қайтадан шығу керек", – деді "Найман" отандасына қолдау білдіріп.

    Естеріңізге сала кетейік, Мәскеудегі АСА 168 турнирінің басты жекпе-жегі болған кездесуде Артем Резников төртінші раундта ресейлік файтер Али Баговтан техникалық нокаутпен жеңілді.

    31 жастағы Артёмның ММА спортындағы рекорды 24 жеңіс, 8 жеңіліс. Жекпе-жектен кейін Резников мансабын аяқтауға дайын екені туралы мәлімдеме жасады.

    Қуат Хамитов АСА турнирінде техникалық нокаутпен жеңілген Артём Резниковке қолдау білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.