Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сора Рахмонова "үздік студент-cпортшы" атанды

Опубликовано:

Сора Рахмонова
Cора Рахмонова. Фото: instagram.com/rakhmonova____

"Cұңқар-2023 студенттік спорт жұлдыздары" байқауында UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова "Үздік студент-cпортшы" атағын иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Аталған байқаудың марапаттау рәсімі Қазақ спорт және туризм академиясының ғимаратында болды. Академияның мәліметінше, бұл байқау Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Шараға Юрий Мельниченко, Ермахан Ыбырайымов, Жасұлан Қыдырбаев, Амангелді Кәрмен сияқты азаматтар қатысқан.

Жеңімпаздар әртүрлі номинация бойынша марапатталды. Соның ішінде "Үздік студент-cпортшы" атағын аралас жекпе-жек шебері Сора Рахмонова иеленді. Ол биыл қоян-қолтық ұрыстан әлемнің үш дүркін чемпионы атанған еді. Қазіргі таңда Сора - Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті.

Марапат алғаннан кейін спортшы Instagram желісінде жазба жариялады.

"2023 жылдың қорытындысы бойынша “Үздік студент-спортшы” атандым! Аллаға шүкір, биылғы жыл мен үшін жемісті жыл болды! Қоян-қолтық ұрыс бойынша үшінші рет Әлем чемпионы атандым! Бүгінгі жетістігім үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Қазақстан Ұлттық студенттер спорт одағына, өзімнің оқу ордам Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне және Ректор Ерқара Балқараұлына алғыс білдіремін! Алдағы келе жатқан 2024 жыл бұдан да жемісті, жеңісті жыл болсын!", - деп жазды Сора.

"Сұңқар" байқауы енді дәстүрлі түрде екі жылда бір ұйымдастырылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2053064-sora-raxmonova-uzdik-student-cportsy-atandy/

pixel