jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық ММА-менеджер Саят Абдрахмановтың спортшысы UFC титулына жақындады

    Арман Царукян
    Арман Царукян. Фото: instagram.com/arm_011

    UFC 300 турнирі аясында аралас жекпе-жек шебері Арман Царукян мен бразилиялық файтер Чарльз Оливейра кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC ұйымының бас директоры Дана Уайттың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталмыш кездесу үш раундқа жоспарланған. Жекпе-жекте жеңгені жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачевпен күш сынасады. Ол бәсеке жазға жоспарланған.

    UFC 300 турнирі АҚШ-тың Лас Вегас қаласында 13 cәуірде өтеді.

    Царукян соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсанында UFC on ESPN 52 турнирінде Бенейл Дариушке қарсы өткізді. Бұл кездесуда Царукян бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оның активінде 21 жеңіс және үш жеңіліс бар.

    Оливейра соңғы рет октагонға өткен жылы маусымда шықты. Ол UFC 289 турнирінде бірінші раундта Бенейл Дариушты техникалық нокаутпен жеңді. Оливейраның активінде 34 жеңіс пен 9 жеңіліс бар.

    Қазақстандық ММА-менеджер Саят Абдрахмановтың спортшысы UFC титулына жақындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.