jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Дана Уайт UFC 300 турнирінде болатын тарихи жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

    Макгрегор мен Дана Уайт
    Макгрегор мен Дана Уайт. Фото: Photo by Stacy Revere/Getty Images

    Дана Уайт UFC 300 турнирінде қытайлық Вейли Чжан Си мен Ян Сяонань кездесетіні жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дана Уайттың Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    UFC промоушенінің мерейтойлық турнирі 13 сәуір күні Лас-Вегаста өтеді. Уайт UFC 300 турнирінің негізгі карды аясында чемпиондық титул үшін тарихта алғаш рет екі қытайлық файтердің жұдырықтасатынын айтты.

    Жекпе-жек аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасында өтеді. Чжан осы дивизионның чемпиондық белбеуінің иегері, ал Сяонань рейтингте екінші орында. Әйелдер арасындағы рейтинг бойынша Чжан екінші орында, Сяонань тоғызыншы орында.

    Вейли Чжан Сидің кәсіпқой ММА-дағы рекорды 24 жеңіс, 3 жеңіліс. Сяонаньнің есебінде 17 жеңіс пен 3 жеңіліс бар.

    Осыған дейін UFC 300 турнирінің тағы бірнеше кездесуі белгілі болған еді. Олардың ең айтулысы жеңіл салмақ дәрежесіндегі бразилиялық Чарльз Оливейра мен ресейлік Арман Царукян арасындағы жекпе-жек.

    Дана Уайт UFC 300 турнирінде болатын тарихи жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.