Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC 297-ге сарапшылар болжамы: Стрикленд белдікті бере қоймас

Жарияланған күні:

Strickland VS Du Plessis
Фото: Parimatch Kazakhstan

UFC ат басын Канадаға тартты! Торонтода 297-турнир өтеді және оның басты жекпе-жегі шиеленіске толы: Шон Стрикленд орта салмақтағы титулды алғашқы рет қорғау үшін Дрикус дю Плессиге қарсы шығады. Жекпе – жектен не күтуге болатынын Parimatch сарапшыларымен талқылап көрейік.

Шон Стрикленд (28-5)

Егер алты ай бұрын Шейн Стрикленд UFC чемпионы болады деп айтылса, сіз ішек-сілеңіз қатқанша күлер едіңіз. "Тарзан" әрқашан ерік-жігері мықты күрескер болғанымен, оның шеберлігі мұндай деңгейге жетпейтіні анық еді. Бірақ 2023 жылы оның бағы жанды. Шон трэшток арқылы танымал болып, екі жеңіс сериясынан кейін Исраэль Адесаньямен титулдық жекпе-жекке шықты. Міне, сол кезде адам сенгісіз жайт болды: "Стайлбендер" пассивті және абдыраған қарсылас болып көрінді, ал Стрикленд болса, оған барлық 5 раунд бойы барынша қысым жасап келді . Бұл оған арман тұтқан орта салмақтағы белбеуіне ие болуға мүмкіндік берді.

Дегенмен, "Тарзанның" дағдыларына әлі де сұрақтар бар. Шон қарсыластарына қысым көрсетуді жақсы көреді және біледі, ал оның боксы өте жақсы, бірақ бір кемшілігі бар, оның әрекеттерін болжап білуге болады. Тікелей соққылармен алға ұмтылады немесе джебпен қарсы шабуыл жасайды – біз Стриклендтен басқа әдістерді әлі байқай алмадық. Ол партерден мүлдем аулақ болып, тек тейкдаундардан қорғануды қалайды.

Дрикус дю Плесси (20-2)

Оңтүстікафрикалық спортшы UFC есігін аяғымен теуіп кірген. KSW поляк лигасында танымал болған "Рубильник" октагонда 6 жеңіске жетті, оның 5-і мерзімінен бұрын болған. Олардың соңғысы белбеуге үміт артуға мүмкіндік берді: екінші раундта дю Плесси бұрынғы чемпион Роберт Уиттакерді техникалық нокаутқа жіберді. Осылайша осы спорт түрінің орта салмақтағы жаңа жұлдызы жанды.

Дрикус партерде өте жақсы, соққыларды жақсы бұғаттай алады және физикалық тұрғыдан мықты. Алайда оның кемшіліктері бар, бастысы – төзімділік. Екінші раундтың ортасында "Рубильниктің" қуаты таусылып, айтарлықтай баяулай бастайды. Дю Плесси соққыларының дәлдігі жағынан да осал жері бар: кейде ол қарсыластың орнына ауаны ұрып жібереді.

Шайқасқа болжам

Чемпион ретінде Стрикленд айтарлықтай әлсіз: тіке, тактикалық шеберлікпен ерекшеленбейді және партерден аулақ болғанды қалайды. Қағаз жүзінде "Тарзан" дю Плесси үшін оңай нысана бола алады – жерге құлатып, белбеуді қанжығасына байлады. Алайда, егер Дрикус соққы техникасы мен төзімділігін дамытпаса, онда бар күш-жігерін салып, алғашқы 2 раундта Шонды ұйықтатып тастауы керек – әйтпесе осы шайқастың олжасы болып кетуі мүмкін. Parimatch сарапшылары да Стриклендтің жеңісіне сенім артып отыр: оған 1.72, ал дю Плессиге 2.05 коффициентін ұсынған. Қорытындылай келсек, екі жауынгердің де әлсіз жақтары бар, бірақ бұл кемшіліктері шайқасты одан да қызықты етеді.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2056235-ufc-297-ge-sarapsylar-bolzamy-striklend-beldikti-bere-qoimas/