UFC промоушенінің файтері Азат Мақсұмның қарсыласы әлеуметтік желіде сес көрсетті
Опубликовано:
Америкалық аралас жекпе-жек шебері Чарльз Джонcон қазақстандық спортшы Азат Мақсұммен болатын кездесуі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Чарльз Джонсонның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Азат Мақсұм мен Джонсон Лас-Вегаста өтетін UFС Fight Night 235 кешінде жұдырықтасады. Қазақстандық файтер үшін бұл аталмыш промоушендегі екінші кездесу болғалы тұр. Чарльз Джонсон әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жекпе-жекке дайындығы туралы да сөз қозғады.
"3 ақпанда мықты жекпе-жек көрсетемін. Бұл менің мүлде жеңілмеген үшінші қарсыласым, мен өзімді көрсетуге дайынмын. Бар ойым тек жеңіске жету.
Біз Броди екеуміз 15-астам спарринг өткіздік. Өзімді ең күшті және қауіпті қарсылас ретінде сезініп тұрмын. Кеттік!", – деп жазды Джонсон.
Аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Азат Мақсұм UFC промоушенінде 2023 жылдың 15 маусымында дебют жасап, қарсыласы Тайсон Нэмды төрешілердің шешімімен жеңген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2056810-ufc-promouseninin-faiteri-azat-maqsumnyn-qarsylasy-aleumettik-zelide-ses-korsetti/