jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Америкалық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікірін айтты

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

    Америкалық файтер Чарльз Джонсон қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы болу ықтималдығы жайлы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Америкалық спортшы Джонсонның айтуынша, Шавкат Рахмоновтың чемпион болу мүмкіндігі үлкен.

    "Рахмонов чемпион болуы мүмкін. Оның мүмкіндігі мол. Қарсыластарына әлі жетеді", – деді спортшы.

    Еске салайық, Чарльз Джонсон аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық файтер Азат Мақсұмға қарсы жұдырықтасады. Кездесу Лас-Вегаста 4 ақпанда өтетін UFC Fight Night 235 кешіне жоспарланған.

    Айта кетейік, жартылай орта салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы – Леон Эдвардс. Оның рекорды 22 жеңіс, 3 жеңіліс. Ал Шавкат жартылай орта салмақ дәрежесіндегі UFC рейтингінде Камару Усман мен Белал Мухаммадтан кейін үшінші тұр.

    Америкалық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.