jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр (видео)

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Аса жеңіл салмақта сынға түсетін қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFС-дегі екінші кездесуіне дайындықты бастап кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Dar Pro Team командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Асу Алмабаев 9 наурызда Майамиде (Флорида штаты) өтетін UFC 299 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – жергілікті файтер Си Джей Вергара.

    Бұл кездесуге Алмабаев АҚШ-тағы Kill Cliff FC спорт залында Генри Хуфт және Саид Сапаровтың жетекшілігімен жаттығып жатыр. Dar Pro Team командасы қазақстандық файтердің жаттығу сәтінен видео жариялады.

    Айта кетейік, өткен жылы тамыз айында Асу Алмабаев АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты. Бұл оның UFС-дегі дебюті болды. 30 жастағы қазақстандық файтер барлығы 15 кездесу өткізген. 13 мәрте жеңсе, 2 рет жеңіліске ұшыраған.

    Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.