jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтың келесі қарсыласы анықталды

    Арман Әшімов
    Арман Әшімов. Фото: instagram.com/naiza.mma

    Қазақстандық файтер Арман Әшімовтың келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Rizin жекпе-жек федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Арман Әшімов 23 наурызда Жапонияда өтетін Rizin Landmark 9 турниріне қатысады. Оның қарсыласы – жапониялық файтер Юсаку Накамура. Әшімов бұл турнирде 57 келіге дейін салмақта сынға түседі.

    Арман Әшімов пен Юсаку Накамура
    Арман Әшімов пен Юсаку Накамура: jp.rizinff.com

    Арман Әшімов кәсіби мансабын 2014 жылы бастаған. Ол бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіп, 3 рет жеңіліске ұшыраған және 1 мәрте тең түскен. Арман соңғы кездесуінде Әзербайжан өкілі Серхан Валилиді NFC 34 турнирінде нокаутпен ұтқан еді.

    Ал 37 жастағы Юсаку Накамура кәсіби мансабында 29 кездесу өткізген. Ол 18 мәрте қарсыласынан басым түсіп, 10 рет жеңіліс тапқан және 1 жекпе-жегі тең аяқталған. Юсаку соңғы рет 2023 жылдың қазанында жекпе-жекке шығып, отандасы Хироя Кондоны жеңген болатын.

    Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтың келесі қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.