jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов америкалық файтермен жұдырықтасуы мүмкін

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ X желісіндегі MMA Daily парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің жазуынша, Шавкат Рахмонов биыл жазда Сиэтлдегі (АҚШ) UFC турнирінде Колби Ковингтонмен кездесуі мүмкін.

    Айта кетейік, қазір Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ бойынша рейтингінде 3-орында, ал Колби Ковингтон 5-орында тұр.

    Шавкат пен Колби өткен жылдың желтоқсанында бір турнирге қатысқан еді. Ол кезде қазақстандық файтер Стивен Томпсонмен жұдырықтасып, екінші раундта жеңіске жетті. Ал Колби бұл турнирде Леон Эдвардстен ұтылып қалған болатын. Қазір Ковингтонның активінде 17 жеңіс, 4 жеңіліс бар. Ал Шавкат 18 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген.

    Еске салайық, осыған дейін Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов файтердің жоспарларын айтқан еді.

    "Шавкат жазда оралуды жоспарлап отыр. Егер сәуірде Леон Эдвардс – Белал Мухаммад арасында жекпе-жек өтетіні расталса және Леон жазда қайта оралуды қаласа, Шавкат белбеуді ұтқан адаммен жұдырықтасады. Ол Леон не Белал", – деген еді Саят Абдрахманов.

    Шавкат Рахмонов америкалық файтермен жұдырықтасуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.