Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кондитерлік дүкенде жұмыс істеген: Азат Мақсұм жайлы 5 қызық факт

Опубликовано:

UFC файтері Азат Мақсұм
UFC файтері Азат Мақсұм. Фото: Mike Roach/Zuffa LLC via Getty Images

Бүгін, 3 ақпанда қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (17-0) UFС-дегі екінші кездесуін өткізеді. KAZ.NUR.KZ тілшісі Азат жайлы 5 қызық факт ұсынады.

1. Азат – UFC-мен келісімшарт жасасқан қазақстандық алтыншы файтер

2023 жылдың сәуір айында Азат Мақсұм UFC промоушенімен келісімшартқа отырды. Оған дейін UFС-де 5 қазақстандық файтер бар еді. Олар: Шавкат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Асу Алмабаев және Мария Агапова.

2. Мамандығы – аңшылықтану

"Аграрлық университеттің "Орман шаруашылығы" факультетінде аңшылықтану мамандығы бойынша оқыдым. Сонымен бірге жаттығуға барып жүрдім", – деді Азат "Спорт Шрёдингера" Youtube арнасына берген сұхбатында. Файтердің сөзінше, ол грант бөлімінде оқыған және бұл мамандықты таңдауына ата-анасы ықпал еткен.

3. Бапкері 82 рет жекпе-жекке шығып, ешқашан жеңілмеген

Turkistan.kz cайтының жазуынша, Азат Мақсұмның жаттықтырушысы Дәнеш Дүнгенбай – қазақтан шыққан тұңғыш MMA чемпионы. Ол 1996-2005 жыл­дар аралы­ғын­дағы спорттық мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген (82-0). Лақап аты "Волевой" болған бапкер – ережесіз жекпе-жектен Қазақстан біріншіліктерінің, әлем, Еуразия чемпионаттарының жүлдегері.

4. Кондитерлік дүкенде жұмыс істеген

Азат "Спорт Шрёдингера" Youtube арнасына берген сұхбатында кондитерлік дүкендердің бірінде қалыптаушы болып жұмыс істегенін айтты. Ол жерде спортшы айына 120-150 мың теңге жалақы алған. Осылайша жаттығу мен жұмысты қатар алып жүрген.

5. Сүйікті фильмі – "Рэкетир"

Азат 2007 жылы жарыққа шыққан режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир" фильмін ұнататын айтты. Ал оның хоббиі футбол ойнау және атқа міну. Азат футболшылардың ішінде Криштиану Роналдудың жанкүйері.

Айта кетейік, Азат Мақсұм UFС-дегі екінші кездесуін америкалық файтер Чарльз Джонсонқа (13-6) қарсы өткізеді. Жекпе-жек 3 ақпанда Астана уақытымын 04:30-да басталады.

Еске салайық, Азат өткен жылы шілде айында UFC-дегі дебютінде АҚШ өкілі Тайсон Нэмді (21-14-1) төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2058966-konditerlik-dukende-zumys-istegen-azat-maqsum-zaily-5-qyzyq-fakt/

pixel