Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Волкановски мен Топурияның жекпе-жегіне қатысты сарапшылар қандай болжам жасады

Опубликовано:

Алекс Волкановски VS Топурия
Фото: Parimatch Kazakhstan

Алекс Волкановски екі дүркін чемпион бола алмады - Ислам Махачев екі есе мықтырақ болып шықты. Бірақ жартылай жеңіл салмақтағы белбеу әлі де "Ұлы жауынгердің" атында, алайда, UFC 298-де оны жас және жеңіске құлшынысы зор Илия Топуриядан қорғауға тура келеді. Көздегені қолынан келе ме, оны біз Parimatch сарапшыларымен талқылап көрейік.

Алекс Волкановски (26-3)

Жеңіл салмақтағы белбеуі үшін екінші шайқасын "Ұлы жауынгер" үшін қолдан келгенді жасады. Ислам Махачев уақытты дәл болжап, аустралиялық спортшыны хайкикпен басынан теуіп, есінен тандырды. 4 ай өткен соң осындай нокауттан кейін оралу - бұл өте батыл қадам. Дегенмен, Топурия қайсар күрескер, ол оны ойсыратып жеңуі де мүмкін.

Алайда Алекстің өзіне тән артықшылықтары бар. Элиталық деңгейдегі күрес - Волкановски күрестің негіздерін меңгерген, мықты төменнен соққыларға, жылдамдық пен қашықтық сезіміне ие. "Ұлы жауынгердің" ерекшеліктеріне күмән жоқ: оның Брайан Ортегадан келген гильотинаға қалай төтеп бергенін еске түсірсеңіз жеткілікті. Жалпы егер аустралиялық спортшы күресте ақылына сүйенетін болса, онда оны есептен шығаруға еш себеп жоқ.

Илия Топурия (14-0)

Грузин-испан спортшысының болашағы зор деген пікір бар. Бұл үшін ол барлық жағынан лайықты көрінеді: "Матадор" жеңіліп көрмеген, UFC-де 6 жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде мерзімінен бұрын жеңіске қол жеткізді. Илия жас, үнемі даму үстінде және кейінгі жекпе-жекте ол мықты Джош Эмметті соққыға жығып, үздік спортшылармен 5 раунд бойы күресуге дайын екенін көрсетті.

Қағаз жүзінде Илияның әлсіз жақтары жоқ. "Матадор" күресте де, бразилиялық джиу-джитсуда да, бокста да керемет, ал UFC-ге келгенінде ол нокаутқа түсіретін соққы жасай алды. Топурия жақын және орта қашықтықта өте қауіпті болып, қарсыластарына үздіксіз қысым жасай алады. Бірақ ол Волкановски сияқты ақылды және тәжірибелі күрескерге қарсы шығуға дайын ба – бұл үлкен сұрақ.

Шайқасқа болжам

Нокаут "Матадордың" титулды алудың басты мүмкіндігі екені анық. Волкановски Махачевтен тапқан жеңілісінен әлі де есін жимады, оның иегі туралы сұрақтар туындайды, оған қоса Илияның чемпионды нокаутқа жіберетін барлық дағдылары бар. Тек Алекс әлдеқайда ақылды, тәжірибелі және қарсыластарына бейімделіп, соңғы раундтарда жекпе – жектің барысын өз пайдасына қолдана алады. Брайан Ортега, "Корей Зомбиі" және Макс Холлоуэймен өткен жекпе-жекті мысал ретінде қарауға болады. Егер " Ұлы жауынгер" Топурияның шабуылына төтеп бере алса, онда ол төреші шешімімен немесе кеш раундтардағы нокаутпен жеңіске жететіні сөзсіз.

Parimatch сарапшыларының шайқасқа болжамы: Алекс Волкановски – 1.80, Илия Топурия – 1.95.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензиясын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2061439-volkanovski-men-topuriyanyn-zekpe-zegine-qatysty-sarapsylar-qandai-bolzam-zasady/

pixel