Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-мен келісімшарт жасасқан Бекзат Алмаханның үздік топ-5 нокауты (видео)

Опубликовано:

Бекзат Алмахан октагонда
Бекзат Алмахан октагонда. Фото: instagram/bekzatalmahan

2024 жылдың басында қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC промоушенімен келісімшарт жасасты. KAZ.NUR.KZ тілшісі спортшының кәсіпқой мансабындағы үздік топ-5 нокаутын ұсынады.

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов 3 наурызда UFC Fight Night 238 турнирінде кездеседі. Умар осы уақытқа дейін 16 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. Ал Бекзат Алмаханның еншісінде 17 жеңіс, 1 жеңіліс бар.

1. Бекзат Алмахан – Матеус Глориа (Октагон 47)

Октагон лигасының Алматыда өткен 47-турнирінде Бекзат Алмахан бразилиялық файтер Глориаға (12-4-1) қарсы жұдырықтасты. Кездесудің бірінші раундында Бекзаттың өзі нокдаунда болды. Десе де қарсыласы бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал екінші раундтың 7-секундында Бекзат аяғымен тамаша хай-кик жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді. Айта кетейік, аталмыш кездесуде Бекзаттың қарсыласы өзінен 5 жасқа үлкен еді.

2. Бекзат Алмахан – Ян Ферраз (Октагон 52)

Бразилиялық файтер Ферразға (15-6) қарсы өткен кездесуі Алмаханның Октагон лигасындағы соңғы жекпе-жегі. 2023 жылдың 18 қарашасында Октагон 52 турнирінің басты кардындағы жұдырықтасу 3 раундқа созылды. Десе де гонг соғылғанға 2 секунд қалғанда Бекзат қарсыласын нокаутқа сұлатып түсірді. Қазақстандық файтердің оң қолымен жұмсаған соққысы қарсыласының жағына дәл тиді. Осылайша Бекзат мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізген еді.

3. Бекзат Алмахан – Джовани Варгас (Октагон 32)

2022 жылдың жазында Мамажонов пен Рузбакиев бастаған Октагон 32 турнирі өтті. Аталмыш ММА кешінде Бекзат Алмахан тағы бір бразилиялық файтер, 27 жастағы Джовани Варгасқа (11-5) қарсы өнер көрсетті. Жекпе-жектің аяқталуына 2 минут қалғанда оң аяғымен мығым хай-кик бақыттап, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Варгас нокаутқа түспесе де, кездесуді жалғастырудан бас тартқан сығай танытты. Сол себепті Бекзаттың рекордына нокаутпен жеңді деп жазылды.

4. Бекзат Алмахан – Сабихи Гулиев (Октагон 29)

2022 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өткен Октагон 29 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде Бекзат әзербайжандық файтер Сабихи Гулиевке (11-7) қарсы жұдырықтасты. Бірінші раундтың аяқталуына 20 секунд қалғанда қарсыласын оң қолмен бағыттаған соққысымен нокаутқа түсіріп, үстінен бірнеше мәрте тоқпаштап ұрып жіберді. Гулиев қорғанбағандықтан кездесудің төрешісі ара түсуге мәжбүр болды.

5. Бекзат Алмахан – Фуад Мусаев (MMA Series 43)

2021 жылы 30 қазанда Ресейде өткен турнирде Бекзат тағы бір әзербайжандық файтермен кездесті. Жекпе-жек 5 минуттан тұратын 3 раундқа жоспарланса да, 1-раундта аяқталды. Фуад Мусаев (7-12) қарсыласына қарағанда сұңғақ бойлы (176 см). Десе де Бекзат тейкдаун жасап, партерде соққы жаудыра бастады. Мусаев қорғанбағандықтан кездесудің төрешісі ара түсуге мәжбүр болды.

Айта кетейік, қазақтан шыққан тұңғыш аралас жекпе-жек чемпионы Дәнеш Дүнгенбаев шәкірті Бекзат Алмаханның UFC-дегі алғашқы кездесуі туралы пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2061715-ufc-men-kelisimsart-zasasqan-bekzat-almaxannyn-uzdik-top-5-nokauty-video/

pixel