Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жектен бас тартты": Леонмен кездескісі келмейтін файтерлер кім

Опубликовано:

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов сәуірде өтетін UFC 300 турниріне қатысудан бас тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Ариэль Хэльванидің Youtube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

UFC 298 турнирінен кейін өткен баспасөз маслихатында Дана Уайт үш файтерге жартылай орта салмақ чемпионы Леон Эдвардсқа қарсы жекпе-жек ұсынғанын айтқан еді. Алайда үшеуі де бас тартқан көрінеді. Ариэель Хэльванидің ақпараты бойынша, Дананың айтқан файтерлерінің ішінде Шавкат Рахмонов бар.

"Леон UFC 300 турнирінде жұдырықтасуы мүмкін еді. Ол біздің барлық ұсынысқа да келісім берді. Үш файтердің кез-келгенімен кездесуге дайын болды. Леон жұдырықтасамын десе де, үш спортшы бұл жекпе-жектен бас тартты", – деді Дана Уайт.

UFC промоушенінің журналисі, Ариэль Хэльвани Дана Уайт есімдерін атамаған осы үш файтерді айтты.

"UFC лигасы Хамзат Чимаевқа, Шавкат Рахмоновқа және Ислам Махачевқа титулды жекпе-жек ұсынды. Алайда үшеуі де бас тартты. Ал соңғы 10 кездесуде жеңілмеген Белал Мухаммадқа ұсыныс тасталмады", – деді Ариэль Хэльвани.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спортты тастап кететінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2061864-savkat-raxmonov-ufc-din-tituldy-zekpe-zeginen-bas-tartty/

pixel