jitsu gif
Спорт

    Нурмагомедовтің бапкері шәкірті үшін ең қауіпті қарсыластың есімін айтты

    Умар Нурмагомедов
    Умар Нурмагомедов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Жеңілмеген ресейлік файтер Умар Нурмагомедовтің бапкері Хавьер Мендес Мераб Двалишвилиді ең қауіпті қарсылас деп санайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Schmo Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Менің ойымша, Умар үшін ең қауіпті қарсылас – Мераб Двалишвили. Мен олардың жекпе-жегін көргім келеді", – деді Хавьер Мендес.

    Умар Нурмагомедовтың кәсіпқой аралас жекпе-жектегі рекорды 16-0. 2023 жылдың қаңтарында өткен соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Раони Барселосты бірінші раундта нокаутқа түсірді.

    Еске салайық, 2 наурызда Умар Нурмагомедов Лас-Вегаста (АҚШ) UFC турнирінде қазақстандық файтер Бекзат Алмаханмен жұдырықтасады. Қазақтан шыққан тұңғыш аралас жекпе-жек чемпионы Дәнеш Дүнгенбаев шәкірті Бекзат Алмаханның Умарға қарсы кездесуі туралы пікір білдірген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.